Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

20.11.2024

343 0

Сурет: steamcommunity.com

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды. Анықталғандай сотталушылар Қызылорда және Ұлытау облысының тұрғындары. Олар Г.Сабирова, А.Рысмағамбетова, Н.Қуаныш, А.Тулебиева, Н.Төлебиева оқырман саны көп парақшаны сатып алу арқылы заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған.
Олар өздерінің қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың қаңтар айында «Instagram» әлеуметтік желісіндегі 402000 оқырманы бар «@tompikz.kz» парақша арқылы «Карта-Лото» заңсыз құмар ойын ұйымдастырған. Сондай-ақ, «WhatsApp» әлеуметтік желісінде топ ашып, сотталушылар заңсыз құмар ойынын жүйелі түрде жүргізіп келген. Желі де оларды республиканың түкпір-түпкірінен жиналған 400 мыңнан аса оқырман бақылап отырған. Олардың қызығушылығын арттыру мақсатында сотталушылар түрлі жарнамалар арқылы ойынға халықты шақырған.
Нәтижесінде 2024 жылдың қаңтар мен шілде айы аралығында сотталушылар жалпы 69 822 994 млн теңге аса ірі мөлшерде табыс тапқан.
Соттың үкімімен сотталушыларға 2 жыл 6 ай мен 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

Қызылорда облысы бойынша
экономикалықтергеп-тексеру

департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: