Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет полполковнигі С.Жоламанов пен жол потрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда облысы бойынша №60 мекемесі жеке құрам қызметкерлерінің автокөліктеріне тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында автокөліктердің техникалық жағдайы және де жарық көздерінің жұмыс істеуі аса назарға алынды.
Сонымен қатар,медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы, сақтандыру полюсінің мерзімдері мен көлік басқаруға арналған құжаттар толық тексеріліп, ескерту жұмыстары жүргізілді.
Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!