Ағымдағы жылдың 7-мамырында Қызылорда қаласында орын алған атыс қаруынан 3 азаматтың қайтыс болу дерегіне байланысты жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 күдікті ұсталып, қамауға алынса, 4 күдіктіге қатысты іздеу жарияланды.
Оқиға болған жерді қарап-тексеру барысында және күдіктілердің тұрғылықты мекен жайларынан 5 қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрілер, есірткі заты және 7 автокөлік айғақ зат ретінде алынып, тиісті сараптамалары тағайындалды.
Барлық қатысушы тұлғалардың жеке бастары анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде 8 қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша 2 іс, бұзақылық бойынша 2 іс, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша 1 іс тіркелген.
Қазіргі таңда, қылмыстық істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!