Жұма, 27 желтоқсан, 08:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық 7 жылға дейін көлік құралын басқара алмайды

08.12.2020

1079 0

   2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап мас күйде басқарғандарға жауапкершілік күшейтілген заң күшіне енседе оны сезінетін жүргізушілер аз. Жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлерімен облыс бойынша 987 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны анықталды.  

         Солардың бірі 1 желтоқсан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлерімен Қызылорда Аэропорт автожолы бойында Mitsubishi Outlander автокөлігі токтатылған. Тәртіп сақшыларымен құжаттарын тексеру барысында 39 жастағы жүргізушінің алкоголь ішіп, көлік басқарғаны анықталды. Медициналық сараптама қортындысы бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны нақтыланды.

         1981 жылғы жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 тармағымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданған.

         Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

 Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: