Қазақстан Республикасының аумағында 10-23 ақпан аралығында “Есепте тұрған тұлғалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Бұл іс-шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, олардың жазаны өтеу тәртібін сақтауын қадағалау және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Осыған байланысты, Қазалы аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары мен жұмыс орындарына барып, олардың мінез-құлқын бақылап, жазасын өтеу барысын тексеруде. Сондай-ақ, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, оларға заң талаптарын түсіндіруде.
Пробация қызметінің бақылауындағы азаматтардың бірі – Г. есімді сотталған, азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабының 1-бөлігімен 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған. Пробациялық бақылау тағайындалған азамат қазіргі уақытта көше тазалау жұмыстарын атқаруда.
Тексеру барысында оның санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысып жүргені анықталды. Өз қателігін түсінгенін айтқан сотталған: “Әйел адам – нәзік жанды. Қол көтергеніме өкінемін. Жазамды өтеп жатырмын, ендігі жерде әйелімді сыйлап өтемін”, – деп өз өкінішін білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!