14 – 17 шілде күндері Астана қаласында ересектер арасында Белбеу күрес спорт түрінен Әлем чемпионаты өтті. Сайысқа 10 мемлекеттен 350-ден астам мықты спортшы қатысып, бақтарын сынады.
Әлемдік додада Қазақстанның намысын қызылордалық полицей қыз қорғады. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы саптық бөлінісінің инспекторы полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым Бахытқызы +76 кг салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Полицей қыз 5 елдің спортшыларымен күресіп, нәтижесінде финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласын аса басылымдықпен жеңіп, табандылық пен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігер көрсетті. Бұл аламанға қатысқан полицей қыз Арайлым ел намысын абыроймен қорғады.
Осылайша, дзюдодан және самбодан спорт шебері, Белбеу күресінен ҚР спорт шебері полиция аға лейтенанты Оразбай Арайлым Бахытқызы Халықаралық спорт шебері атағын иеленді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!