23 маусым күні Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен «Қарасора – 2022» жедел – профилактикалық іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткі заттарын Алматы қаласынан Қызылорда қаласына тасымалдау кезінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы шамамен 6 грамм болатын «мефедрон» препараты болып шықты.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Қазіргі таңда күдікті 20 жастағы азаматша Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!