Жексенбі, 24 қараша, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер атыраулық алаяқ пен оның сыбайласын ұстады

15.10.2021

996 0

Қызылордалық полицейлер алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғынын және оның сыбайласы аудан тұрғынын ұстады.

Бұл азаматша сыбайласы екеуі «WhatsApp» желісі арқылы «Атырау қаласындағы бір компаниясына жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызып беремін» деген желеумен 11 тұрғынның сеніміне кіріп, әрқайсысынан 50 мың теңгеден банк есеп шотына аудартып алған. Жәбіленушілерге жалпы келтірілген 550 мың теңгені құрады.

Алайда, олар берген уәделерін орындамаған. Қазіргі таңда күдіктілер Арал аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: