Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын жойды

21.06.2022

571 0

«Қарасора-2022» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті мен Шиелі АПб-нің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іс-шара барысында 34 жастағы қала тұрғыны Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты далалық жерде қалың сексеуілдер арасында 1665 (бір мың алты жүз алпыс бес) түп сора өсімдігін еккені үшін құрықталып, ұсталды.
Одан бөлек оқиға басынан ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізу барысында одан кептірілген марихуана есірткі заты алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 8 кг. 59 гр. сора өсімдігі мен 657,14 гр. кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 300 – бабының 2 – бөлігімен (ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: