4 шілде күні таңғы сағат 04:30 шамасында орын алған ұрлық дерегі бойынша Қызылорда қалалық ПБ Ақсай полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, үйінің ауласында тұрған «Alfa» үлгісіндегі мопедін белгісіз тұлғалар ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 800 мың теңгені құрады.Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде кезекші тәулікте 28 жастағы күдікті қала аумағында мопедпен жүрген жерінен ұсталды. Ұсталған күдікті басқармаға жеткізілді. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188 – бабының 1 – бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!