Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны мал ұрлығы бойынша аудандық полиция бөліміне арызданған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 3 бас жылқы малын ұрлап, ет өнімдерін Қазалы ауданы мен Төретам кенті, Ақай елді мекенінің тұрғындарына өткізген Қазалы ауданы мен Ақай ауылының тұрғындарынан құралған қылмыстық топ ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер Қазалы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде 16-шы калибрлі 1 дана аңшы мылтығы, ет өнімдері және Уаз 3163 «Патриот» маркалы автокөлігі тәркіленді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!