Полицейлерді марапаттау мақсатында Жергілікті полиция басқарма қызметінің саптық алаңында ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының 12 қызметкері «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» мемлекеттік награда – ІІІ дәрежелі медалімен марапатталды.
Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша қалалық ПБ-ның қызметкерлері кәсібилігімен және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауымен ерекшеленді.
Патрульдік полиция батальонының 43 қызметкері алғыс хатпен марапатталды.
Басқарма басшылығы құрмет марапаттары мен медальдарын тапсыра отырып, қызметкерлерге мықты денсаулық, кәсіби өсу, жалпы нәтижеге қол жеткізуге күш-жігер тіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!