Бейсенбі, 28 қараша, 23:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер қайырымдылық көмек көрсетті

23.04.2021

1798 0

Қазақ халқында «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген жақсы сөз бар.  Жанашырлыққа мұқтаж жандарға жүрек жылуын ұсыну,  аялы алақанын тосып, қамқоршысы болу – сауапты істердің бірі, әр адамның азаматтық парызы. 

          Бұл мақсатта Қасиетті Рамазан айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері  қайырымдылық шара ұйымдастырды.

          Аталған қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігіне көмек қолын созды.  

          6 баласы бар Тасбөгет кентінің тұрғынына және 4  кәмелет жасына толмаған балаларын жалғыз өзі  асырап отырған көпбалалы ананың үйлеріне барып, азық-түлік себеттерін табыстады.    

          Көмек алған отбасылар полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, полицейлердің жұмысына табыс, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

          Мейірімділікке бастайтын мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: