Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер «Рефлекс»  іс – шарасы аясында есірткі сақтаған 6 азаматты анықтады

01.12.2022

837 0

Бүгінде қала көлемінде «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Рейдтік іс-шара кезінде қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальон қызметкерлерінің тексерісі нәтижесінде  есірткі затын сақтаған 6 қала тұрғыны ұсталған. Бұл туралы Қызылорда қаласы Полиция басқарамысының баспасөз қызметі мәлімдеді.

         Тұрғындардың тыныштығын күзетіп, заңсыз әрекеттерге жол бермеуде полиция қызметкерлерінің еңбегін атап өткен жөн. Осы мақсаттағы «Рефлекс» жедел алдын-алу шарасында 43 жастағы күдікті азамат құқық қорғау қызметкерлерінің назарына іліккен. Ал, тексеріс барысында оның сырт киімінің қалтасынан қағазға оралған жасыл түсті, иісті шөп тәріздес зат табылған. Оның не зат екенін анықтау үшін сараптамаға жіберілген. Нәтижесінде сараптамалық қорытынды «марихуана»  есірткісі екендігін дәлелдеген.

         Осыған сәйкес, бұл іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: