«Тергеу қызметі күніне» орай, Қызылорда облысының Полиция департаментінің жеке құрамы арасында шағын футболдан спорттық шара өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын жарысқа 12 команда қатысып, озық ойын үлгісін көрсетті. Спорттық шараны Қызылорда қаласының Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров салтанатты түрде ашты.
Жарыс нәтижесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тергеу бөлімі құраған командасы 1-ші орынға, осы басқарманың патрульдік батальоны командасы 2-ші орынға және Қызылорда облысының Полиция департаменті Тергеу басқармасының командасы 3-ші орынға ие болды.
Департаменттің Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Әлтай Нұрсұлтан, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Қопанов Бауыржан жеңімпаздарды құттықтап марапаттады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!