Жұма, 27 желтоқсан, 03:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер терезесі күңгірттелген көліктің жүргізушілерін жауапқа тартуда

04.11.2022

706 0

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қауіпсіздігінің алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау мақсатында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патурльдік полиция батальон қызметкерлері жол ережесін бұзушыларды анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізілуде. Қазіргі таңда жыл басынан бері терезесі күңгірттелген көліктің 3000 мыңнан астам дерегі анықталды.
Мәселен, күні кеше әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында «Нексия» «Lada granta» «Ваз 2104» маркалы көлігін жол қозғалысы ережесін бұзып, терезесін күңгірттеп алғаны үшін тоқтатып, сол сәтте бірден көлік терезесін күңгірттеген жапсырма алынып тастады.
Полицей жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Жүргізуші орнынан көруді шектейтін заттарды орнату немесе к/қ алдыңғы және алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабындарды/пленкаларды жапсыру) бойынша хаттамалар толтырылды.
Өз кезегінде Қызылордалық полицейлер тұрғындарға жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді. Ең бастысы көлікті қажетті құжатсыз басқармау керек. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы – жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан, жолда барынша абай болыңыз, көлігіңізді, құжаттарыңызды заңға сай етіп алып жүруді дағдыға айналдырыңыз!

Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: