Сәрсенбі, 27 қараша, 17:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер заңсыз ақбөкен аулаған қала тұрғынын ұстады

01.09.2021

576 0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызмет басқармасының Табиғат қорғау полиция тобының инспекторлары мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері 31 тамыз күні рейд жүргізу барысында Құмкөл тас жолы 13-шақырымындағы далалық жерде «Ниссан-Патрол» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 6-бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың өлі денесі анықталды. Күдікті ретінде бір азамат ұсталды. Сонымен қатар оқиға орнынан 6-бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың өлі денелері, 1-ұңғылы, 12-калибірлі, аңшы мылтығы, 93-дана атылмаған 12 калибірлі патрон және 1-дана аңшы пышағы тәркіленді.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: