Дүйсенбі, 31 наурыз, 14:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир ұйымдастырды

28.03.2025

297 0

Сурет: Qyzylorda PD

Бүгін облыс орталығындағы «Мың бала» спорт кешенінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жүлдесіне жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир басталды.

Турнир «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен өтуде. Айта кетерлігі мұндай шара өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Турнирдің ашылу салтанатына Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Тоқтыбаев Серік Әбдімәуленұлы, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Біржан Бағысов, «Наман ата» қоғамдық қоры мен «Мың бала» спорт кешенінің директоры Сәдірбек Жұмабеков, сондай-ақ полиция қызметкерлері мен спорт өкілдері қатысты.

Үш күнге созылатын жарыста 10 салмақ дәрежесі бойынша 100-ге жуық спортшы бақ сынамақ.

Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында ұйымдастырылған шаршы алаң додасында болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар іріктелмек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: