Жұма, 29 қараша, 03:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы тапты

28.05.2021

958 0

27.05.2021 жылы түнгі уақыт  02:00  шамасында Қызылорда қаласында кәмелетке толмаған 08.05.2009 ж.т. Сазаков Бектураз  жоғалғандығы туралы полицияға арыз түсті.

Жасөспірім 27 мамыр күні сағат 18:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу шаралары аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды. 

Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көп қабатты шатырлары, өжірелері және ауладағы люктары,саяжайлардағы тастанды үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер мен қаланың барлық аумағында жоғалған баланың фотосуреті көрсетіліп,сұрастыру жұмыстары ұйымдастырылды. Атқарылып жатқан жұмыстар Полиция департаментінің, Полиция басқармасының  басшылығының қатаң бақылауында болды.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жоғалған кәмелетке толмаған бала Жалағаш ауданында тұратын ата-әжесінің үйіне кетіп қалғаны белгілі болды. Бала аман-есен, Жалағаш ауданындағы әжесінің үйінде. Қазіргі таңда ювеналды полиция қызметкерлерімен жасөспірімнің үйден кетіп қалу себептері анықталуда.

     Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: