Жұма, 29 қараша, 01:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицйелер дағдарыс орталығына барып кездесу өткізді

28.01.2022

831 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерілерімен 24-30 қаңтар күндері аралығында «ТҰРМЫС» жедел профилактикалық іс – шарасы өткізілуде.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, әсіресе отбасындағы болған жәйттар, басқалар үшін әрдайым жасырын қала береді. Соның салдарынан жәбірленуші дене жарақаты, эмоционалдық, тіпті қаржылық жағынан да зардап шегеді. Отбасының ыдырау қаупі туындайды, бұл ретте жанұяның барлық мүшелері, әсіресе, балалар үлкен қауіп-қатерге ұшырайды, оларда отбасындағы зорлық-зомбылық – туындаған проблемалар мен өкпе-ренішті шешу үшін, басқа адамдардың өзіне бағынуы үшін де өте қолайлы құрал екен деп қате түсінік пайда болады.

Бүгінгі таңда қаламызда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған төрт дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Соның бірі бүгін «Қамқорлық» дағдарыс орталығына барып, өмірдің қиын кезеңінде қалып, орталыққа орналастырылған әйел азаматшалармен кездесу ұйымдастырылып, құқықтық көмек көрсетіліп, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: