Дүйсенбі, 12 мамыр, 12:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34,2147
10.05.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалық ұстаздар есірткісіз өмірді насихаттады

11.05.2025

55 0

Қызылорда облысында есірткіге байланысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және мұғалімдердің мәртебесін көтеру, олардың құзыреттілігін арттыру және нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмысты дамытуға ықпал ету мақсатында, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Мен есірткісіз өмірді насихаттаймын!» ұранымен ұстаздар арасында нашақорлыққа қарсы облыстық байқау өтті.
Байқау оқушылармен күнделікті қарым-қатынаста болатын мұғалімдердің, білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы профилактикалық жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.
Мұғалімдер үш номинация бойынша сайысқа түсті: «Үздік тәрбие жұмысы» – нашақорлыққа қарсы кездесулер, дәрістер, сынып сағаттарын өткізу; «Есірткіге қарсы үздік акция» – түрлі ақпараттық науқандарды өткізу; «Үндеу» – байқауға қатысушы азаматтарға, жастар мен жасөспірімдерге үндеуін ұсынып, онда бұл мәселенің қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.
Байқаудың ақтық кезеңіне 16 үміткер қатысып, оның төртеуі жеңімпаз деп танылды: Арал ауданы №292 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ембергенова Әсем Салауатқызы, Қазалы ауданы №204 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Өтеналиева Жаңагүл Көпжанқызы, Қармақшы ауданы №279 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Акжигит Айсауле Турабаевна, Қызылорда қаласы №198 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Кагазбаева Шапагат Романкуловна

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: