Дүйсенбі, 28 сәуiр, 15:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30, 2142
26.04.2025
PDF мұрағаты

Қызылордалықтар «Таза Қазақстан» акциясын өткізді

28.04.2025

69 0

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қызылорда қаласының жастары, яғни «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар бірлестігінің мүшелері «Таза Қазақстан» акциясын өткізді.
Акцияға қатыса отырып, Сыр жастары заңдылық пен тәртіпті қорғауға бел буғанын көрсетіп, тыйым салынған заттарға «жоқ!» деп айтып, сүйікті қаламыздың ластануына қарсы екендігін көрсетті.
Жастар бүгінгі таңдағы қоршаған ортаны қорғау мәселесін қолдап, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірге Олимпиада чемпионы Илья Ильин атындағы саябақты тазалауға үлес қосуды жөн көрді. Саябақ тазарып, онда жас көшеттер мен гүлдер пайда болды.
Қызылорда облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұжымы жастардың қала көшелері мен саябақтарын қоқыстан тазартып, есірткі қылмысына қарсылық білдіріп, қоғам таза да әсем, нашақорлар, граффитишілер мүлдем жоқ қалада өмір сүруге, біздің балаларымыз есірткі қылмысы мәселесіне ешқашан тап болмауға бет бұрып, атсалысқаны үшін, жастарға алғысын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: