Жұма, 26 қыркүйек, 14:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Рақымшылық – жаңа өмір бастауға мүмкіндік

26.09.2025

46 0

Заң мен тәртіпті қатар ұстау – тыныштық кепілі. Амнистия – бұл тек қана қылмыс уақытын шегеріп, кешірім жасау ғана емес, бұл сотталған азаматтарға екінші мүмкіндік беру. Олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау. Президент жарлығының негізінде қырқүйектің 25-і тағы бір азаматқа рақымшылық жасалды. Х есімді азамат №60 түзету мекемесінде жазасын өтеген. Ол алаяқтық бабы бойынша 5 жыл 6 айға темір торға тоғытылған. Алайда амнистия шешімімен жаза өтеу мерзімінен 8 ай 18 күн бұрын босатылды.

-Бостандыққа шыққаныма, үйім мен балаларымды, мені тосып отқан анамды көретініме қатты қуаныштымын. Менің дәл қазір босап жатқанымнан олар бейхабар, тосынсый жасамақпын. Әрине мұнда қиын, ешкімге бұл жерді тілемеймін,- дейді Х есімді азамат.

Мемлекет басшысы рақымшылық жасау арқылы еліміз шалыс басып, занмен қудаланған азаматтан теріс айналмай, оның тек тура жолға түсуіне жәрдем беретінін айтты. Қатесін мойындап, айыбын өтемейтін адам жоқ. Әрі қарай азаматтар адамгершілік пен ардан аттамай, заң үстемдігіне бағынса, өзіне қоғам артқан сенімге селкеу түсірмесе екен деп түйіндейміз.

Рәпіш ТӨЛЕП

ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: