Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі, «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша консультант-теологы Абулхайров Исмаил Ибрагимович ҚАЖД №60 мекемесінде сотталғандармен кездесті.
Кездесу барысында И.Абулхайров жазасын өтеушілерге «Ислам – бейбітшілікке шақыратын дін» тақырыбында дәріс берді.
Шара барасында сотталғандар назарына көркем мінезділік пен сабырлық туралы, сонымен қатар Дін мен дәстүрдің негіздері және діни сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі хадистерді негізге ала отырып, сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ұстанып келген салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың түп-тамыры Ислам дінінің шарттарымен біте қайнасып жатқандығын нақты дәлелдермен толығырақ түсіндірді.
Жиын соңында жазасын өтеушілер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұғымды жауаптар алғандандарын айтып, алдағы уақытта осындай дәрістерді қайта өткізулерін сұрады.
– Түзеу мекемесінде жазасын өтеушілердің діни білімдері саяз болғандықтан теріс ақпараттарға сүйеніп жатады, осындай жайттардың алдын алу мақсатында діни ілім берудің маңызы зор, – деді САӘПТЖБ теологиялық оңалту орталығының әділет аға инспекторы Жамиев Мейрамбек
№60 мекеме баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!