Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 223 кәмелетке толмағандар анықталды

29.12.2021

1333 0

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықты алдын алу, болдырмау бағытында мемлекеттік мүдделі органдармен білім, прокуратура, ішкі саясат, «Жас отан» жастар қанатымен бірлесіп, 2021 жылдың 24-27 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара қорытындысымен полиция органдарына барлығы 292 кәмелетке толмаған жеткізілсе, оның ішінде 264 кәмелетке толмағанға әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, 8-і қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін, ал қалған 19 қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін әкелінді.

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 16 ата-анаға хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 223 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) 22 кәмелетке толмағана және 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 8 заңды өкілдеріне хаттамалар рәсімдеп, тиісті шаралар көрілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 17 кәсіпкер, жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімін сатқаны үшін 8 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: