Алтай кеденінің мобильдік тобы Қазақстаннан Ресейге әкелінген Украинада өндірілген 714 килограмм шоколад тиелген көлікті тоқтатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz
«Кеденшілер Қазақстаннан Ресейге бағытталған жүк көлігін тексеруге тоқтатты. Көлік жүксалғышында Украинаның кәмпит фабрикасы шығарған шоколад салынған 372 картон қорап болған. Мұндай өнімге санкциялар салынған, оны ел аумағына әкелуге тыйым салынған», – делінген жарияланымда.
Көлік құралы мен тауар жөнелтушіге қайтарылды. Ресейдің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 16.3-бабы («Тыйым салулар мен шектеулерді сақтамау») бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
