Бейсенбі, 28 қараша, 14:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ресейлік көліктерді алаяқтық жолмен заңдастырған ХҚКО басшысы сотталды

05.03.2023

509 0

Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) бұрынғы басшысы ресейлік көліктерді алаяқтық жолмен заңдастырғаны үшін сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Азамат «Е» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (Алаяқтық), 385-бабының 2-бөлігі (Құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіз мекемесінде өтей отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», – делінген Көкшетау қалалық сотының шешімінде.

Осындай үкіммен алаяқтық айыбы тағылған екі сыбайласы да 6,6 және 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі жабық мекемеде өтейтін болды.

Белгілі болғандай, 2020 жылдың тамыз айында халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінің бұрынғы басшысы Ресей Федерациясынан келетін күмәнді көліктерді Қазақстанда заңдастырудың жолын ойлап тапқан. Ол өз жоспарын жүзеге асыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшелерінің бірінің басшысын, серіктестік директорын және танысын тартқан.

Мәліметтерге сүйенсек, әрқайсысының өз рөлі болған, бірі Ресей Федерациясынан қылмыстық көліктер тіркелген адамдарды тапса, екіншісі тіркеуге рұқсат берген. Ұйымдастырушының өзі Ресейде ұсталған, ұрланған, сатылымға қойылған көліктердің ақпараттық базасы арқылы ақпарат жинаған. Кейін бұл көліктерге жалған құжаттар жасалып, сәйкестендіру нөмірлері үзіліп, Қазақстанға әкелінген. Барлық транзакциялар халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтетіндіктен, жалған рәсімделген көліктерді еш күдігі жоқ қарапайым азаматтарға сатқан.

Бұл іске қатысты тағы бір азаматқа іздеу жарияланған. Төрт қылмыскер Қазақстан аумағына 7 автокөлік әкеліп, зардап шеккендерге келтірілген шығын көлемі 74,3 миллион теңгені құраған. Сот шешімімен ресейлік көліктерді иелеріне тапсыру үшін iшкі істер министрлігіне берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: