Дүйсенбі, 25 қараша, 22:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ресми құжатқа апостиль қою не үшін қажет?

29.01.2024

552 0

Халықаралық қарым-қатынастардың терең дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатты екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады. Құжаттың заңды маңыздылығын қалай растауға болады және ол үшін не қажет? Осы сұрақпен құзырлы орындарға жүгінетін азаматтар аз емес.

Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба (штамп).

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және оның облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органдары бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар​ көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта​ «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (арқылы электронды түрде, апостиль қоюға өтінішті «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге береді.

Апостильдi қоюға жататын ресми құжаттар ретiнде:

​-мемлекеттiк органдардан және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарынан, сондай-ақ сот органдарынан, прокуратура органдарынан, әкiмдерден және басқаларынан шығатын құжаттар;

нотариаттық расталған құжаттар;

ресми белгiлерi бар құжаттар,визалар, тiркеу туралы белгiлер, нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау және басқалары қабылданады.

Апостиль:

шетелде Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi жасаған құжаттарға;

коммерциялық немесе кеден операцияларға қатысы бар құжаттарға;

ерекшелiктер болып мынадай құжаттар саналады: мемлекеттiк органнан шығатын жарғылар мен құрылтайшылық құжаттарға, патенттiк және өзге де құжаттамаға​ ​ қойылады.​ ​ ​

Апостиль, оны ұсынылған құжатқа қою мүмкін емес болған жағдайда қағаздың бөлек парағында қойылуы мүмкін.

Бұл жағдайда құжаттың парақтары мен апостилi бар парақ кез келген түстi жiппен (не арнайы жiңiшке баумен, лентамен) бiрге тiгу жолымен бекiтiледi және нөмiрленедi, бұл туралы «жұлдызшада» тиiстi жазу жүргiзiледі.

Құжаттардың соңғы парағы бекiтiлу орнында елтаңбалық мөр қойылатын «жұлдызшамен» желiмденедi. Бұл ретте қойылған мөрдiң бедерi «жұлдызшада» және парақта бiрдей орналасуға тиiс.

Бекiтiлген парақтардың саны апостильдi қоятын адамның қолымен расталады.

Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: