Сейсенбі, 07 сәуiр, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Ресми құжаттарға апостиль қою туралы

07.04.2026

27 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтардың шетелде білім алуы, еңбек етуі, некеге тұруы немесе өзге де құқықтық әрекеттерді жүзеге асыруы жиілеп отыр. Осыған байланысты бір мемлекетте берілген ресми құжаттарды басқа мемлекеттерде тану қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда құжаттарды заңдастырудың жеңілдетілген тәсілі – апостиль қою рәсімі қолданылады.

Апостиль – бұл құжаттың түпнұсқалығын, оған қол қойған тұлғаның өкілеттігін және мөр мен таңбаның шынайылығын растайтын арнайы белгі. Бұл Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасында апостиль қойылған құжаттар қосымша заңдастыруды талап етпейді.

Қазақстан Республикасы аталған халықаралық шартқа қосылғандықтан, елімізде берілген ресми құжаттарға апостиль қою арқылы оларды Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттерде еркін пайдалануға болады.

Апостиль қоюға жататын құжаттардың қатарына:
• азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер;
• білім туралы құжаттар (аттестаттар, дипломдар);
• сот органдарының актілері;
• нотариаттық куәландырылған құжаттар;
• мемлекеттік органдардан берілген өзге де ресми құжаттар жатады.

Апостиль қою рәсімін Қазақстан Республикасында уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Құжаттың түріне байланысты тиісті орган анықталады. Мысалы, білім туралы құжаттарға білім беру саласындағы орган, ал азаматтық хал актілеріне әділет органдары жауапты.

Апостиль алу үшін өтініш беруші белгіленген тәртіппен өтініш жасап, қажетті құжаттарды ұсынады. Оларға жеке басын куәландыратын құжат, апостиль қойылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртек жатады.

Апостиль құжаттың өзіне немесе оған қосымша тіркелетін арнайы параққа қойылады. Белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделген апостиль құжаттың заңды күшін халықаралық деңгейде тануға мүмкіндік береді.

С.Қыпшақбаева,

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: