Жексенбі, 13 сәуiр, 02:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

Республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшесі сотталғандармен кездесу өткізді

11.04.2025

303 0

Бүгін Қызылорда облыстық Дін істері басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, теолог Ризабек Батталұлы Ілімбаев және «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының жетекшісі №37 мекемесінде сотталған азаматтармен кездесу өткізді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — сотталғандар арасында радикалды діни идеологиялардың таралуының алдын алу және олардың діни сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында теолог Ризабек Ілімбаев «Сабырлық» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, сабырдың Ислам дініндегі орны мен маңыздылығына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, сотталған азаматтардың сұранысы бойынша «Иман» тақырыбы қозғалып, Имам Әбу Ханифа мазхабындағы Мәтуриди сенімі негізінде иманның шарттары түсіндірілді. Қазіргі таңда кейбір деструктивті діни ағым өкілдері арасында кең тараған қате түсініктерге де нақты дәлелдермен тоқталып, түсіндірме берілді.

Сөз соңында теолог адамгершілік құндылықтар – шыншылдық, әділеттілік және адалдық жайында айтып, «адамды алдауға болмайды», «жердің дөңгелек екені ғылыми әрі діни тұрғыдан дәлелденген», «адаммен адам түбі кездеседі» деген тағылымды ойлармен ой түйіндеді.

Кездесу барысында сотталған азаматтар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, теолог мамандар тарапынан тұшымды әрі жан-жақты жауаптар берілді.

«Бүгінгі кездесуден көп мәлімет алдым. Ислам діні, жамандықтан аулақ болу, адамды алдамау жайлы айтқаны маған ой салды», – деп сотталған өз әсерімен бөлісті.

Бұл кездесу сотталған азаматтардың діни танымын дұрыс бағытқа бұруға және рухани құндылықтарды бойларына сіңіруге бағытталған тәрбиелік мәні зор шара болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: