Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы

27.04.2023

681 0

Бүгін Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармалары қызметкерлері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің атысуымен «Сыбайлас жемқорлық – індет, жою-міндет» тақырыбында құқықтық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, парақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын нығайту болып табылады.

Алғашқы болып сөз алған Департамент басшысы Динара Жанабергенова: «Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді. Біздің Департаментте бұл індетпен күрес жүйелі жүргізіліп келеді. Жемқорлыққа деген «жиіркеніштік» сезімді қалыптастырудың бір әдісі ретінде қызметкерлерімізді түзеу мекемелерінің атмосферасымен танысу тәжірибесі жүргізілді,»-деді.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Превенция басқармасының бас маманы қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекеті үшін басшының да жауапкершілігі туралы мәлімдеді.

Іс-шара соңында көрсетілген бейнеролик мемлекеттік қызметшілерге ерекше әсер қалдырып, парақорлыққа мүлдем төзбеушілікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейтуге ықпал етті. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық біліктілігін арттыру, заңнамаларға енгізілген өзгерістерден уақытылы хабардар ету бағытында осындай құқықтық семинарлардың маңызы өте зор.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: