Дүйсенбі, 23 маусым, 16:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45,2158
21.06.2025
PDF мұрағаты

Сотталушыға келген сәлемдемеден марихуана табылды

23.06.2025

57 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, мекемеде жазасын өтеуші ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі 7,8 тармағымен 18 жылға қатаң режимге сотталған жазасын өтеп жатқан Е. есімді азаматқа қысқа мерзімге кездесуге келген танысының сәлем- сауқатын ҚАЖД ӨҚТ жедел уәкілі әділет майоры Ж.Жуптыбаев, ҚАЖД-і режим және жедел тобының қызметкерлерінің және №5547 әскери бөлімінің бақылаушылары қатысуымен тексеру барысында, тамақ өнімдерінің ішінен, яғни көк түсті пламастернің ішіндегі пастасына жасырылған өткір исі бар, жасыл түсті белгісіз шөп табылды.

Орын алған дерек бойынша Қызылорда ҚПБ-ның «102» телефонына хабарланып, жедел тергеу тобы шақыртылды. Оқиға орнына Қызылорда қалалық ПБ жедел тобының анықтау бөлімінің анықтаушылары келіп, тексеру барысында тамақ өнімдерінің ішінен, яғни көк түсті пламастернің ішіндегі пастасына жасырылған өткір исі бар, жасыл түсті белгісіз шөп табылды.

Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобымен тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысы бойынша 0,83 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.

Наргиза Рамазанова
Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: