Терроризм – төрткүл дүниені алаңдатқан қауіп. Мұндайда сауысқандай сақтық керегі түсінікті. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесіне Штаб тобының аға инспектор-кезекшісі әділет подполковнигі Нұрқанат Әубәкіров келіп, қызметкерлерге терроризмнің алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – қауіпсіздікке қатысты танымды тереңдетіп, тосын жағдайларда дұрыс әрекет ету қабілетін күшейту болды.
Яғни, қауіп-қатердің сипаты, террористік әрекеттердің жасырын тетіктерін және оларды ерте кезеңде анықтау жолдары жайлы мардымды мәлімет берілді. Сонымен қатар, күмән тудыратын белгілерді байқау, жұмыс барысында бейқам болмау – тыныштықты бұзбайтын алғышарт екенін баса айтты.
Қызметкерлер тек құлақ қойып тыңдамай, көкейдегі сұрағын да қойды. Пікір алмасу арқылы тақырып тарқатыла түсіп, қауіпсіздік пен қорғанысты әлде де күшейту назарға алынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
