Дүйсенбі, 24 қараша, 12:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Сазды заңсыз сатқандар сотқа тартылды

24.11.2025

45 0

Фото: Zakon.kz

Қостанай облысының прокуратурасы Арқалық кен орнынан техногендік минералды түзілімдерді (ТМТ) заңсыз иемденген және сатқан Қостанай облысының тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті 2024 жылғы қазан мен 2025 жылғы тамыз аралығында тиісті лицензиясыз мемлекетке тиесілі сазды заңсыз алып, оны ЖШС арқылы елдің оңтүстік облыстарындағы кәсіпорындарға сатқан. Ұрланған шикізаттың жалпы көлемі 15 мың тоннадан астам, ал мемлекетке келтірілген залал 795 млн теңгеден асты.

Күдіктінің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің аса ірі ұрлық, заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша бағаланды. Заңнамаға сәйкес, бұл қылмыстар үшін мүлікті тәркілеу және он жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: