Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шенеуніктер қолдан төтенше жағдай орнатып, 1,4 млрд теңге жымқырған

09.09.2024

366 0

ШҚО прокуратура органдары төтенше жағдай салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу заңдылығын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Талдау нәтижесінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісімшарт анықталды.

Осы шарттарды жасау кезеңінде төтенше жағдай жарияланбағаны, тиісінше, бір көзден шарт жасасуға негіз болмағаны анықталды.

Атап айтқанда, ЖАО қар шығару, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және басқа тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды.

Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: