Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен қызмет атқару аймағында ағымдағы жылдың 24 тамыз күнінен бастап, «құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр.
Осы іс-шараны өткізу барысында Шиелі станциясындағы желілік полиция қызметкерлерімен вокзал перронында және жолаушылар поездарында, яғни қоғамдық орындарда алдын алу жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің бабының талаптары түсіндірілді. Іс-шара барысында 5 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталып, заң шеңберінде шешім қабылданды. Оның ішінде әкімшілік құқықбұзушылық дерегі 204 бабының 1 бөлігімен 1-дерек, 449 бабының 1 бөлігімен 1-дерек, 559 бабының 5 бөлігімен 3-дерек шешімін тапты.
Шиели станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің
ППт-ның полицейі полиция кіші сержанты М.Әбсатов
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!