Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қоғамда «Заң және Тәртіп» қағидатын одан әрі нығайту мақсатында Өскемен қаласында «есірткі граффити» деп аталатын – есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен «қоймашы болып жұмыс істеу» туралы ұсыныстар жазылған жазуларға қарсы ауқымды акция өткізілді.
Акцияға қала прокуратурасының, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жастар қозғалысының белсенділерінен құралған 100-ге жуық адам қатысты.
Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталды. Рейдтердің нәтижесінде «Есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 299-1-бабы).
Еске саламыз: мұндай жазуларды салу — бейқам әрекет емес, бұл қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және ауыр жазаға, тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.
Облыс прокуратурасы тұрғындарды мұқият болуға шақырады: егер күмәнді жазуларды байқасаңыздар, дереу полицияға хабарлаңыздар. Бұл — әрқайсымыздың жастардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіміз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!