Сейсенбі, 07 қазан, 12:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

SIM-картаны жалға беріп 5 миллион теңге тапқан

07.10.2025

140 0

Қостанай облысында тұрғын 35 SIM-картаны алдын-ала белсендіріп, WhatsApp желісіне тіркеп, кейін сатқан. Ол сол арқылы адамдардан 5 миллион теңге тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция дерегінше, күдікті бірнеше ай бойы ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын белсендіріп, оларды WhatsApp желісіне тіркеген.

“Сосын бұл карталарды Telegram арқылы жалға берген. Алдын ала деректерге сүйенсек, ол шамамен 35 SIM-картаны жалға беріп, бұл әрекеттен 5 миллион теңге табыс тапқан. Оның SIM-карталарын пайдаланып, алаяқтар Қостанай мен Тобыл қалаларының тұрғындарын «Сізге сәлемдеме келді» деген сылтаумен алдап, 2 миллион теңгеден астам зиян келтірген”, – делінген хабарламада.

Полиция күдіктіден дәлел ретінде құрылғылар мен SIM-карталарды тәркілеп, ол кінәсін мойындады. Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: