Дүйсенбі, 25 қараша, 04:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Синтетикалық есірткі заттын сақтаған азамат сотталды

14.03.2024

340 0

Қызылорда қалалық соты синтетикалық есірткі затын сақтаған 37 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды.
Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 2023 жылдың сәуір айында, Қызылорда қаласында «Ravon R4» маркалы автокөлігі тоқтатылып, нәтижесінде автокөлік ішінен және жолаушыларынан, «есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды зерттеу сараптама» қорытындысы бойынша 2,78г. құрайтын психотроптық заттар тәркіленді.
Психотроптық заттын «иесі» затты тауып алғанын, содан кейін оны құрбыларымен бірге қолданғанын көрсетіп, өзінің кінәсін мойындады, өкінетінін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Соттың үкіміне сәйкес, оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 906705 теңге мемлекет кірісіне сот-сараптамаларын жүргізуге жұмсалған процестік шығыны мен ҚР жәбірленушілерге өтемақы қорына 69000 теңге мәжбүрлі төлемдер өндіріледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: