Сенбі, 21 желтоқсан, 23:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Солай қорлағым келді» – Қуандық Бишімбаев

22.04.2024

1028 0

Сурет: massaget.kz

Қуандық Бишімбаев қайғылы оқиға болған түні Салтанатты не үшін видеоға түсіргенін түсіндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтан видеоларды не үшін түсіргенін сұрады. 

«Бұл видеоларды қалай да әсер ету үшін түсірген жоқпын. Шынымды айтсам неге олай істегенімді түсіндіре алмаймын. Мені қалай қорласа, оны да солай қорлағым келді», – дейді Бишімбаев.

Еске салайық, бүгінгі сот отырысында ол құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.

«Ешқандай дәретхана жоқ. Ізде», – дейді видеода Бишімбаев Нүкеноваға.

Судья видеоларды қарау барысында Бишімбаевтан Нүкенова еденнен не іздегенін сұрады. Сонымен қатар, судья видеолардың бәрінде киімсіз, тек қара плащ киген Нүкенова көрінетінін айтты.

«Бұл қандай да бір монтаж, телефонды ашып алып, жүктеп қойған болуы мүмкін», – дейді Бишімбаев.

Сонымен қатар, Бишімбаевтың ұялы телефонындағы видеода оның Нүкенованы бұрынғы қарым-қатынасы үшін айыптағаны естіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: