Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, асатанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар жергілікті және басқада соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сот әкімшілігі саласындағы мемлекеттік орган.
Уақыт алға озған сайын заманның сұранысы мен талаптары өзгеретіні анық. Заманның ағымына сай еліміздің сот жүйесіне жаңашылдықтар енгізу қажеттілігі туындады. Өткен жылы жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті сот әкімшілігі болып қайта құрылды. Ал сот әкімшісінің аумақтық органдары департамент болып өзгерді. Қазіргі таңда республиканың барлық облысында сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелері жұмыс істейді. Бүгінгі таңда сотқа жүгінген азаматтарға электронды ақпараттық технологияларды қолдануға кеңінен мүмкіндік берілген. Тұрғындар сотқа өтініштері мен арыз-шағымдарын «сот кабинеті» «Е-өтініш» қызмет көрсету жүйелері арқылы жібере алады. Бұл сервистердің негізгі ерекшелігі-әрбір азамат немесе оның өкілі өзіне ыңғайлы уақытта, уйінен шықпай-ақ сотқа талап-тілектерін жолдай береді.
«Сот кабинеті» электронды сервисі өте ыңғайлы, ол арқылы талап қою, шағымдар және өтінішхаттар беруге, мемлекеттік баж төлемін онлайн жүзеге асыруға болады. Сонымен бірге электронды сот құжаттарын қарауға, сақтауға, жүктеуге және талап қою туралы ақпараттарды, істің қаралу динамикасын, бейнематериалдарды көруге, аппеляциялық шағым, жеке шағым, қадағалау тәртібімен сот актісін қайта қарау туралы өтіншхат, жаңадан ашылған мән жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау және тағы басқа талап-өтініштермен жүгінуге болады. Бүгінде Қызылорда соттарында электронды сервисті қолдану тәжірибесі дұрыс жолға қойылып, көпшілік арасында кең қолданысқа ие болып, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот қызметіне қол жетімділікті арттырып отыр. Қазіргі таңда істердің басым бөлігі электронды түрде түсінуіне байланысты электронды сот залдары жасақталған. Сонымен қатар Қызылорда қаласының соттарында судьялар мен мамандардың кедергісіз қызмет атқаруына барлық мүмкіндік қарастырылған. Сот әкімшілігі өз қызметін Қазақстан Республикасының конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіментінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
А.Куншыгарова
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!