Дүйсенбі, 10 қараша, 12:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Сот кабинеті – әділ соттыққа қолжетімділіктің тиімді құралы

10.11.2025

39 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазіргі таңда сот жүйесін цифрландыру – Қазақстан Республикасының сот төрелігін жүзеге асыру саласындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады. Осы бағытта енгізілген «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі азаматтарға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сот қызметін жеңіл әрі жедел пайдалануға мүмкіндік беріп отыр.

«Сот кабинеті» – бұл Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен әзірленген бірыңғай электрондық терезе. Аталған жүйе арқылы сотқа талап арыздар, өтініштер, шағымдар және өзге де процессуалдық құжаттарды қашықтан ұсынуға болады. Сондай-ақ, пайдаланушылар өз ісінің қаралу барысын онлайн режимде бақылай алады.

Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін бұл жүйенің артықшылығы – уақыт үнемдеу, ашықтық және сот төрелігіне қолжетімділіктің артуы. Бұрын қағаз түрінде дайындалатын және бірнеше күн алатын процестер қазір бірнеше минут ішінде электронды түрде жүзеге асырылады.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотында да «Сот кабинеті» арқылы келіп түскен материалдардың үлесі жылдан-жылға артып келеді. Тергеу судьялары, соның ішінде менің тәжірибемде де, электрондық форматтағы өтініштер мен санкция беру туралы материалдарды қарау тиімділікті арттырды.

Бұл, біріншіден, қағазбастылықты азайтады, екіншіден, істердің сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, үшіншіден, тараптардың процессуалдық құқықтарын барынша жедел іске асыруға мүмкіндік береді.

Сот төрелігі саласында цифрлық технологияларды енгізу – әділ сотқа деген сенімділікті арттырудың негізгі жолы. «Сот кабинеті» сот жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың құқықтық мәдениетінің артуына да ықпал етеді.

Алдағы уақытта бұл жүйені одан әрі жетілдіру, мобильді қосымшаларды кеңінен қолдану және жасанды интеллект элементтерін енгізу сот ісін жүргізуді жаңа сапалық деңгейге көтермек.

«Сот кабинеті» – заманауи Қазақстанның цифрлы сот жүйесінің айқын көрінісі. Ол сот қызметінің тиімділігін арттырып, қоғам мен азаматтардың әділ сотқа деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Тілеп Талант Ибайдуллаұлы,

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: