Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 13:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Сот кабинеті – құқыққа қолжетімділіктің заманауи тетігі

15.12.2025

48 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазіргі таңда цифрландыру үдерісі сот жүйесінің барлық саласына белсенді түрде енгізіліп келеді. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі. Аталған электрондық платформа азаматтар мен сот органдары арасындағы өзара байланысты жеңілдетіп, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

«Сот кабинеті» – бұл сотқа жүгінушілерге процестік құжаттарды электрондық форматта жолдауға, істердің қозғалысын онлайн бақылауға, сот актілерін қашықтан алуға мүмкіндік беретін бірыңғай сервис. Аталған жүйе уақыт пен қаржылық шығындарды азайтып қана қоймай, сот процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Азаматтар «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарды, өтініштерді, шағымдарды және өзге де процестік құжаттарды сотқа электрондық түрде жолдай алады. Сонымен қатар, тіркелген пайдаланушы істің қаралу барысы туралы хабарламаларды алып, сот отырысының уақыты мен нәтижелері жөнінде дер кезінде ақпаратқа қол жеткізеді.

Сервистің тағы бір артықшылығы – сот актілерін электрондық форматта алу мүмкіндігі. Бұл сот шешімдерінің уақытында алынуын қамтамасыз етіп, тараптардың құқықтарын тиімді қорғауға ықпал етеді. Сондай-ақ, мемлекеттік бажды онлайн төлеу, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы құжаттарды растау функциялары сот ісін жүргізу рәсімдерін барынша оңтайландырды.

«Сот кабинеті» қызметі сот жүйесінің ашықтығын арттырумен қатар, сот жүктемесін азайтуға да оң әсерін тигізіп отыр. Құжат айналымының электрондық форматқа көшуі қағазбастылықты қысқартып, сот аппараты қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотында да «Сот кабинеті» сервисі белсенді түрде қолданылуда. Тергеу судьяларының өндірісіндегі материалдар бойынша тараптар электрондық форматтағы мүмкіндіктерді кеңінен пайдаланып келеді.

Қорытындылай келе, «Сот кабинеті» – сот жүйесін цифрландыру жолындағы тиімді құралдардың бірі. Ол азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіріп, сотқа деген сенімді арттыруға қызмет етеді.


Тілеп Талант Ибайдуллаұлы
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: