«Сот кабинеті» сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған терезесі. Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электрондық форматын әзірледі. Бұл – сот құрылымында қолға алынған реформалардың заманауи, жаңа технологияның бірі.
«Сот кабинеті» қызметіне кіру ЖСН немесе БСН, сонымен қатар құпия сөз арқылы жүзеге асырылады. «Сот кабинеті» қызметін пайдалану шарттары өте қарапайым. Сот ісін жүргізушіге ҚР Ұлттық куәландыру орталығынан электрондық цифрлық қолтаңбаны алып, «Сот кеңсесінде» стандартты тіркеу рәсімінен өту жеткілікті. Атап айтқанда, өтініш беруші пайдаланушы келісіміне қол қойып, логин, құпия сөз, электронды пошта мекен-жайы өрістерін толтырып, сертификатты таңдау керек. Сынақ процесіне қатысушы ұялы телефон нөміріне немесе электрондық пошта мекен-жайына электронды хабарлама (SMS хабарлама) арқылы логин мен құпия сөзді алады.Тіркелу сәтті өткеннен кейін тұлға «Сот кабинетінің» негізгі бетіне оралу арқылы жүйеге кіріп, қажетті қызметті таңдай алады.
Сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процессінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқасын) беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.
«Сот кабинеті» интернет-сервисіне кіру үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық сандық қолтаңба қажет. «Сот кабинетінен» тіркелі рәсімінен өткеннен кейін бұл мүмкіндікті пайдаланушы талап арыздарды (өтініштерді), апелляциялық/жеке шағымды, кассациялық шағымды, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтінішхаттар мен сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз бере алады.
Қазіргі таңда азаматтардың арасында «Сот кабинеті» арқылы электрондық талап арыз беру кеңінен қолданылуда. Бұл «Сот кабинетінің» пайдаланушылар үшін өте қолайлы, әрі ыңғайлы екендігін көрсетеді.
Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.
«Сот кабинетінің» басты артықшылығы- арыз, өтініш, шағым және басқа да құжаттарды сотқа компьютер мен электрондық сандық қолтаңба қолдана отырып, кез келген жерден, кез келген уақытта беру мүмкіндігі болып табылады. Арыз, өтініш және басқа да құжаттарды жіберген мезетте, арызданушы электронды түрде құжаттың жіберілеген уақыты мен күні туралы талонды алады. Сонымен қатар, сот отырысына қатысушы тұлғаның сот ісінің қаралу мерзімін бақылауға және аталған мерзімдер сақталмаған жағдайда ол туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының біріңғай call-ораталығына хабарласып мәлімдеу мүмкіндігі бар.
«Төрелік», «Сот кабинеті» және сот отырыстаның аудио-бейне жазбасын біріктіру жүйесі соттың ашықтығын қамтамасыз етудің бір құралы болып табылады. Аталған жүйені енгізу сот жүргізу процессін толықтай ашық, айқын етеді және кез келген процессуалдық бұзушылықты жоққа шағарады.
Барлық жаңа енгізілімдерді және жаңғыртуды ескере отырып, соттардың халық пен екі жақты өзара іс-қимылына және тұтастайалғанда сот ісін жүргізуді оңайлатуға арналған «Сот кабинеті» бірыңғай, көп функциялы терезе рөлін атқаруда.Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды.
«Сот кабинеті» сервисінің веб нұсқасы мен «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын жетілдіре түседі. Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
А.Үсенханқызы
Қызылорда қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маман
сот отырсының хатшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!