Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сот өңдірісіндегі цифрлық жаңашылдықтар

27.12.2022

542 0

          Сот жүйесі – мелекеттің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі. Азаматтардың мемлекеттік-құқықтық саясатқа қатынасы және қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пәрменді және тәуелсіз сот билігі – мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара байланыс кепілі.

           Сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін көтеру мақсатында, қазір соттар жаңа құрылғылар мен ақпараттық бағдарламалар енгізілген. Атап айтсақ, 2015 жылдың басынан бастап соттарда жаңа аудио-бейне жазба (әрі қарай АВФ) техникалық құрылғысы жұмысын жасауда.

Осыған орай, азаматтардың қолайлылығы үшін, сот жүйесіндегі жаңа заманауи технологиялардың дамуына байланысты, сот жүйесіне енгізілген «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық талап арыздар мен құжаттарды беру тәртібін халыққа оқытып түсіндіру, сот ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы құжаттарды беру тәртібін насихаттау мақсатында семинар, тренинг, дөңгелек үстел сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.

 «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы құжаттар беру тиімді, себебі сотқа жүгінуші тараптар сотқа келіп әуереге салынбай үйде отырып ғаламтор арқылы www.sud.kz  сайты арқылы электронды түрде  бере алады.

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы құжаттар жолдау үшін қойылатын негізгі талаптар мыналар:

– ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электронды цифрлі қолтаңбасы және ЖСН мен БСН арқылы Сот кабинетінде авторландыру жасап

 – Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері сотқа электронды құжаттарды «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге құқылы. Ол үшін аталған тұлғаларға «Сот кабинеті» сервисінде тіркелу қажет.

– «Сот кабинеті» сервисінде авторлану ЖСН немесе БСН және пароль арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды заңды тұлғаның өкілі берген кезде авторлану БСН арқылы жүргізіледі.

– Сотқа берілетін құжаттар мәтіндік пішінде жүгіндіріледі (қаріп 14 Times New Roman, бір жарым интервал), әрбір құжат электрондық құжаттарды беру жүйесіне жеке файл түрінде жүгіндірілуге тиіс, файлдар саны сотқа берілетін құжаттар санына сәйкес болуға тиіс, пайдаланушы жүгіндіретін файл пішіні *doc, *docx, *pdf, *jpeg сәйкес болуға тиі. Әрбір файлдың ең үлкен көлемі 10 МВ-дан аспауға тиіс.

Сотқа  арыз (талап арыз), шағым беруші тұлға, құжаттың жолданғандығы, уақыты мен күні көрсетілген хабарламаны шығарып алуға, сонымен қатар  сот процесіне қатысушылардың өздері істердің  қарау мерізімдері мен танысуға мүмкіндігі де қарастырылған.

Ерлан САҒЫНДЫҚ

Қызылорда облысының

мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: