Сәрсенбі, 22 қазан, 20:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Сот отбасылық зорлықты кешірмеді: ер адамға 200 сағаттық жұмыс міндеттелді

22.10.2025

55 0

Фото: Polisia.kz

Отбасында жанжал шығарған қызылордалық азамат 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Өз ісіне өкінгенін айтып, өмірлік сабақ алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жуырда Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебіне сот үкімімен бір азамат тіркелді. Ол өз жұбайына қол көтеріп, денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін жауапқа тартылған. Соттың шешімімен оған 200 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды. 

Қазіргі уақытта сотталған азамат аудан әкімдігі бекіткен аумақтарда тазалау және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда. Жаңақорған аудандық пробация қызметінің бастығы Анарбек Искаковтың айтуынша, ол күн сайын 4 сағаттан қоғамдық жұмыс істеп, белгіленген тәртіпті бұлжытпай орындап жүр. 

Жыл басынан бері осындай жазаны өтеген үш азамат есептен шығарылды. Қазіргі таңда бөлімде 80-нен астам адам есепте тұр. Есептегі тұлғаларға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетіліп келеді, – деді Анарбек Искаков. 

Қоғамдық жұмысқа тартылған азамат өз ісіне өкінетінін айтты.

Ашуға беріліп, үлкен қателік жасадым. Қазір істеген ісіме қатты өкінемін. Бұл жаза мен үшін үлкен сабақ болды. Енді отбасымды қайта қалпына келтіріп, адал еңбекпен өмір сүргім келеді. Күніне көше сыпырып жүріп, адамның қадірін, тыныштықтың бағасын түсіндім, – дейді ол. 

Мамандардың айтуынша, қоғамдық жұмысқа тарту жазасы құқық бұзған азаматтарды қоғамнан оқшауламастан, еңбек арқылы түзеуге мүмкіндік береді және олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: