Дүйсенбі, 16 ақпан, 18:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеуі бойынша анықталатын ақпараттар

16.02.2026

60 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

         Сот сараптамасы – шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істің не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу мақсатында жүргізіледі.

         Зерттеулер заңды және жеке тұлғалардың жазбаша сұранысы бойынша ғылыми құралдар мен әдістерді пайдалана отырып заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.

      Сараптаманы тағайындаудың негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, «Сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

        ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығында 57 сарапшылық зерттеу түрлері жүргізіледі, соның ішінде «Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу» түрі бойынша шешілуі үшін маңызы бар нақты деректер анықталады. Бұл сараптама түрі тергеу және сот практикасының сұраулары негізінде, 1998 жылдан бастап ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығының сараптамалық мамандықтар тізіліміне енгізілді, оның зерттеу объектілері қылмыстық іс жүргізу орбитасына қандай да бір түрде түскен адамдар (күдіктілер, айыпталушылар, куәгерлер, жәбірленушілер және т.б.) тіркелген бейнежазбалар болды. Мұндай объектілерді зерттеуге алдын-ала тергеу барысында куәлік берген күдіктілер кейіннен соттан бас тартып, келесі негіздерді келтіре отырып, қылмыстарды тергеу барысында жиі қалыптасатын жағдайлар себеп болды: «мені мәжбүр етті», «маған қысым көрсетті», «тергеуші маған қалай айту керектігін үйретті», «мені қорқытты» және т. б., бұл жағдайлар қылмыстық істерді қайта тергеуге жіберуге негіз болды, ал кейбір жағдайларда құқық қорғау органдарының нақты қызметкерлеріне қатысты тәртіптік тергеуге себеп болды.

        Сондай-ақ, аталған сараптаманың зерттеу объектісіне адамның күйінің белгілі бір өзгеруін болдыратын ақпараттар (эротика, порнография, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау) түсіріп алынған заттар жатады

        Яғни, бұл сараптама түрі зерттеу жолымен қылмыстық және азаматтық істер бойынша маңызы бар және дәлелдеуге жатқызылатын, мән-жайларды анықтауға қызмет ететін, адамның психикалық қасиетін, ондағы болып жатқан психикалық процестерін бейнелейтін, оның негізінде басталу, қызмет ету, өзгеру белгілерінің заңдылығы жатқан нақты деректерді анықтауға бағытталған тәжірибелік білімдер саласы.

         Сот психологиялық-криминалистік сараптама шеңберінде келесі шешілуі үшін маңызы бар нақты деректер анықталады:

      тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде (жауап алу, айғақтарды сол жерде тексеру  және  нақтылау, ұстау, тану үшін көрсету, тінту) және адамның психо-эмоциялық, зияттық-еріктік күйін өзгерту мақсатымен әр түрлі құралдармен, жедел бейне жазбалармен әсер ету фактілері;

      тергеу және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде адамның психо-эмоциялық, зияткерлік-жігерлік күйі;

     бейнежазбаны түсіру кезінде адамның сөйлеу ерекшеліктері, яғни әңгімесі еркін бе немесе ол жаттап алған, алдын ала дайындалған мәтіннің әсерін көрсету белігелері;

      бейнежазбаны түсіру кезінде адамның беріп жатқан жауабының/оның әңгімесінің мағынасын өзгерту мақсатында әңгімелесуші тарапынан оған психилогиялық қысым жасау беліглері;

      бейне жазбаға түсіру кезінде адамның вербалдық емес сипаттамасы;

      бейнежазбада бейнеленген бет қимылдарының мағынасы мен мақсаты;

      объектілерде – заттай дәлелдемелердегі (бейнефильмдер, баспа жұмыстары, графикалық файлдар, репродукциялар, суреттер) қаталдық пен зорлықты насихаттайтын және порнографиялық (эротикалық) объектіге жатқызуға болатын белгілер жиынтығының бар/жоқтығы.

А.Бахытқызы,

Қызылорда облысы бойынша ССИ-ның бас сарапшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: