Сот жүйесі – қоғамдағы құықтық тәртіпті қамтамасыз ететін, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын ең маңызды құрылымдардың бірі. Мемлекеттің демократиялық даму деңгейі мен құқықтық мәдениеті дәл осы сот билігінің әділдігіне, ашықтығына жәнетиімділігіне байланысты. Өйткені сот – әділдіктің негізгі тірегі, заңның үстемдігін қамтамасыз ететтін уақыт сынынан өткен институт.
Сот жүйесінің негізгі мақсаты – даулар мен қылмыстық істерді заңға сүйене отырып шешу, қоғамдағы әділдікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Әрбір шығарылған үкім адамның тағдырына тікелей әсер ететіндіктен, сот саласының жауапкершілігі орасан зор. Бір ғана шешім адамның еркіндігін, мүлкін, отбасын өмірінің бағытын айқындауы мүмкін.
Судья – ең жауапты да күрделі мамандықтардың бірі. Судьяның жұмысы терең білімді, жоғары кәсіби сауатты, әділдікті ту еткен тұлғаны талап етеді. Ол заңды ғана емес, ар-ожданды да басшылыққа ала отырып, шешім қабылдауы тиіс. Судьяның бейтараптығы, парасаттылығы, адалдығы-қоғамның сот билігіне деген сенімін қалыптастыратын негізгі факторлар.
Соңғы жылдары елімізде сот жүйесін жетілдіруге бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асуда. Сот процестерін цифрландыру, онлайн отырыстар, электронды сот жүйесі, медиацияны дамыту – барлығы сот төрелігінің қолжетімді әрі тиімді болуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл өзгерістер азаматтардың уақытын үнемдеп, сотқа жүгіну рәсімін жеңілдетуге бағытталған.
Сот жүйесіне деген қоғам сенімі – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты көрсеткіші. Сенім болған жерде заң үстемдігі орнайды, құқық бұзушылық азаяды, азаматтардың құқықтық мәдениеті артады. Сондықтан сот билігінің жұмысы барынша ашық, әділ және халыққа түсінікті болуы қажет.
Қорытындылай келе, сот жүйесі – мемлекеттің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуын айқындайтын стратегиялық маңызы бар сала. Оның сапалы қызметі қоғамдағы әділдікке, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуына тікелей ықпал етеді. Сот билігінің әділ және тиімді жұмыс істеуі – құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарты болып табылады.
Е.Құтыбаев
Қызылорда қаласының №2 соты судьясы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
