Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемелекеттік мекемесінде айыпталған мен сотталған азаматтар «Ақ сұңқар психодиагностикалық» кешенді тестінен өтті.
Тергеу мекемесінің психолог мамандары яғни, дейді АКАӘПТЖБ-нің аға психологы, әділет капитаны Мырзалы Айзат пен Омарбек Сүлейменнің ұйымдастыруымен өткен бақылау тесті үш методикада өтті. Ашып айтар болсақ, тест тапсырушы сотталған азаматтар ноутбук арқылы түрлі-түсті түстерді таңдап, бейнеленген суреттер бойынша жұмыс жасады. Сондай-ақ, бейнеленген суреттер бойынша жасырылған бірнеше сұрақтарға жауап берді.
«Ақ сұңқар психодиагностикалық» кешенді тестінің басты мақсаты сотталған азматтардың көңіл-күйін, болашаққа деген көз қарасы мен өмірге деген талпынысын тексеру мақсатында ұйымдастырылған тест.
Тергеу мекемесінің психолог мамандары әрбір жаңадан келіп түскен айыпталушылар мен жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар мен тығыз жұмыс жасайды. Психолог мамандары ретінде жеке қабылдауға жиі қабылдайды. Себебі, кейбір сотталған азаматтар өмірден түңіліп кеткен сәтте өздеріне түрлі заңға қайшы іс-әрекеттер жасауы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмас үшін психолог мамандары жазасын өтеп жатқан азаматтар мен жеке сөйлесіп, олардың мұң мұқтажын тыңдап, оларға өмірге деген талпыныс беріп, ойларын өзгертеді. Сондай-ақ, сотталғандар арасында түрлі тақырыпта тренингтер, психологиялық тесттер және ойындар ұйымдастырады.
Мөлдір ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!