Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сотталған азаматтар тарихи-өлкетану мұражайына барды

05.12.2024

255 0

Қоғамға қайта бейімделу мен рухани дамуға бағытталған іс-шаралардың бір бөлігі ретінде Қызылорда облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемеде жазасын өтеушілер үшін ерекше мәдени шара ұйымдастырылды. Сотталған азаматтар жергілікті тарихи-өлкетану мұражайына барып, өлкеміздің тарихымен жақынырақ танысу мүмкіндігін алды.

Мұражай қызметкерлері жазасын өтеушілер үшін арнайы экскурсия ұйымдастырып, аймақтың ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихы мен мәдени мұралары туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Экскурсия барысында қатысушылар ежелгі жәдігерлерді, ұлттық өнер туындыларын, тарихи құжаттарды және басқа да маңызды экспонаттарды тамашалады.

– Бұл шара біз үшін рухани азық болды. Тарихымызды танып, ата-бабаларымыздың мәдени мұрасымен жақынырақ таныстық. Мұндай іс-шаралар адамның ой-өрісін кеңейтіп, болашаққа деген үміт сыйлайды. Бізге осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз, – деді жазасын өтеушілердің бірі.

Тәрбие бөлімінің қызметкерлері мұндай мәдени шаралардың сотталған азаматтардың қоғамға оралуына, рухани тұрғыдан дамуына және оң көзқарас қалыптастыруға септігін тигізетінін атап өтті.

– Мұражайға бару сотталған азаматтар үшін тек уақыт өткізу ғана емес, олардың өз тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, тұлғалық өсуіне ықпал ететін маңызды қадам. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып, олардың рухани дамуына қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз, – деді мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.

Мұндай бастамалар сотталған азаматтардың жаңа өмір бастауына және қоғамға бейімделуіне үлкен ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: